jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Сәкен Бибосынов екі дүркін әлем чемпионы атанды

    Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов
    Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов. Фото: Ben McShane/Sportsfile via Getty Images

    Дубай қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан намысын қорғаған Сәкен Бибосынов финалда қарсыласын жеңіп, екі дүркін әлем чемпионы атанды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Сәкен Бибосынов әлем біріншілігінде 54 келіге дейінгі салмақта бақ сынады. Ақтық сында қазақстандық боксшы ресейлік Вячеслав Рогозинмен кездесті.

    Алғашқы раундта төрешілердің екеуі Сәкеннің жеңісін қолдаса, қалғаны ресейлік боксшының басым түскенін мойындаған еді.

    Бірінші раундта төрешілердің екеуі Сәкеннің жеңісіне қолдау білдірсе, қалғаны ресейлік боксшының басымдығын мойындады. Екінші раундта ол қарсыласынан 5:0 есебімен басым түсті. Осылайша, отандасымыз екі дүркін әлем чемпионы атанды.

    Сәкен Бибосынов екі дүркін әлем чемпионы атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.