jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Бокстан әлем чемпионаты: Оразбек Асылқұлов ел қоржынына екінші алтынды түсірді

    Оразбек Асылқұлов
    Оразбек Асылқұлов. Фото: Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі

    Бокстан Қазақстан құрамасының өкілі Оразбек Асылқұлов IBA ұйымдастырған әлем чемпионатында алтын жүлдеге ие болды. Бұл ел қоржынына түскен екінші алтын медаль болды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Қазақстандық боксшы финалда тәжікстандық Хусравхон Рахимовпен жұдырықтасты. Бірінші раундта төрешілер Оразбектің басымдығына қолдау білдірді. Одан кейінгі раундтарда да Оразбек қарқынын бәсеңдетпеді. Нәтижесінде қазақстандық боксшы әлем чемпионы атанды.

    Енді ел құрамасынан Абылайхан Жүсіпов (71 келі) ресейлік Сергей Колденков, Сабыржан Аққалықов (75 келі) ресейлік Исмаил Муцольговпен қолғап түйістіреді.

    Айта кетейік, бұған дейін Сәкен Бибосынов екі дүркін әлем чемпионы атанды.

    Бокстан әлем чемпионаты: Оразбек Асылқұлов ел қоржынына екінші алтынды түсірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.