jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Қазақстандық боксшы Алуа Балқыбековаға көлік сыйға тартылды (фото)

    Алуа Балқыбекова
    Алуа Балқыбекова.Фото: instagram.com/qaz_olympics

    Қазақстандық боксшы Алуа Балқыбекова Instagram желісіндегі парақшасында соңғы жаңалығын жария етті. Боксшы аруға спорттық жетістіктері үшін көлік сыйға берілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Алуа қызыл бант тағылған жаңа көлігін көрсетіп, желіде фотосын жариялады. Спортшының айтуынша, көлікті қыркүйекте Ұлыбританияда өткен бокстан әлем чемпионатында сәтті өнер көрсеткені үшін Алматы бокс федерациясы сыйға тартқан. Балқыбекова чемпионатта алтын медаль иеленген еді.

    Айта кетейік, осы жеңісі үшін президент күзде спортшыға және оның басқа әріптестеріне "Құрмет" орденін табыс етті.

    Спорт және дене шынықтыру комитетінің сайтындағы мәлімет бойынша, Алуа Балқыбекова – әлем чемпионатының екі дүркін жүлдегері (2022 жылы күміс, 2023 жылы қола) және екі дүркін Азия чемпионы (2021, 2022).

    Қазақстандық боксшы Алуа Балқыбековаға көлік сыйға тартылды (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.