jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Қанат Ислам Алматыда өтуге тиіс жекпе-жегіне қатысты мәлімдеме жасады

    Қанат Ислам
    Қанат Ислам. Фото: instagram.com/islamkanatqazaq

    41 жастағы танымал кәсіпқой боксшы Қанат Ислам 27 желтоқсанда Алматыда өтуге тиіс жекпе-жегінің кейінге шегерілгенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Боксшы бұл туралы жанкүйерлеріне әлеуметтік желідегі аккаунтында хабарлады.

    "Құрметті жанкүйерлерім 27 желтоқсанда өтетін бокс кешінде өнер көрсетпейтін болдым. Қарсыластарымызға және басқа да себептерге байланысты жекпе-жек 1,5 айға кейінге шегерілді. Кездесудің нақты уақытын хабарлаймыз. Қолдау көрсеткендеріңізге рақмет", - деді Қанат Ислам.

    Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қанат Исламның араға бірнеше жыл салып, рингке қайта оралатыны хабарланған болатын.

    Кәсіпқой боксшы 27 желтоқсанда Алматыда Ali Akhmedov Promotions ұйымдастыратын Fight Night кәсіпқой бокс кешінде кезекті жекпе-жегін өткізуі тиіс еді.

    Қанат Ислам Алматыда өтуге тиіс жекпе-жегіне қатысты мәлімдеме жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.