jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Бақыт Сәрсекбаев Қазақстан жастар құрамасының тізгінін ұстады

    Бақыт Сәрсекбаев
    Бақыт Сәрсекбаев. Фото: instagram/b.sarsekbayev

    Олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаев Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "2024 жылдың соңында құрылған U22 құрамасының жобасы өз жұмысын тоқтатады, алайда аталмыш команда боксшылары ұлттық құрама сапына қосылады.

    Бақыт Сәрсекбаев бұдан былай жастар құрамасының тізгінін ұстайды. Ол бұл қызметте Мақсат Бақтыбазаровтың орнын басты.

    Сәрсекбаев Бақыт Абдрахманұлы 29.11.1981 жылы дүниеге келген.

    Олимпиада чемпионы (Бейжің-2008), Азия Ойындарының жеңімпазы (Доха 2006), үш дүркін Азия чемпионы.

    2024 жылы желтоқсан айынан U22 командасының аға жаттықтырушысы қызметін атқарды", - делінген федерация хабарламасында.

    Бақыт Сәрсекбаев Қазақстан жастар құрамасының тізгінін ұстады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.