jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    "Қазір жариялай алмайтын жаңа деректер белгілі болды": федерация президенті басы дауға қалған Жәнібек Әлімханұлы туралы айтты

    Жәнібек Әлімханұлы
    Жәнібек Әлімханұлы. Фото: instagram.com/janibek_alimkhanuly

    ҚКБФ президенті алғаш рет Жәнібек Әлімханұлының допинг-сынамасының қорытындысын жариялап, тыңдау туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Бұл туралы "Қазақпарат" хабарлайды.

    "Жақында Америкадағы VADA ұйымынан 34 беттен тұратын сараптама қорытындысы келіп, В сынамасы расталды (Әлімханұлында допинг бар екені - ред). Қазіргі таңда Жәнібекке қатысты юрисдикцияны біздің федерация өз қолына алды. Өйткені ол – федерациямыздың лицензияланған боксшысы. Сонымен қатар оның қатысуымен өткен соңғы бокс кеші Астанада, біздің санкциямызбен ұйымдастырылды. Қазір басты мәселе – ол бұл затты әдейі қабылдады ма, жоқ па? Оның ағзасына қалай түсті? Әзірге осы сұрақ ашық күйінде тұр", - деді Рахымжан Ерденбеков.

    Ол бір күн бұрын, 19 қаңтарда өткен тыңдаудың егжей-тегжейін де айтып берді.

    Белгілі болғандай, Әлімханұлының ісін тәуелсіз сарапшылар да, ҚР Туризм және спорт министрлігінің өкілдері де қарап жатыр. Тыңдау спортшының кінәсіздік презумпциясын қуаттай отырып, халықаралық спорт құқығы стандарттарына сәйкес өткізіліп жатыр.

    "Жәнібекке көптеген сұрақ қойылды. Сәуір айынан бері біз оның осы заттар анықталғанға дейінгі бүкіл өмір жолын тыңдадық. Кеше мен қазір жариялай алмайтын жаңа деректер белгілі болды. 23 қаңтарда тыңдауды жалғастырамыз", - деді Ерденбеков.

    Ол істі қарау қорытындысы бойынша барлық материал тиісті ұйымдарға, соның ішінде WBO, IBF және басқа да ұйымдарға жолданатынын атап өтті. Титулдарынан айыру немесе айырмау жөніндегі шешімді сол ұйымдар қабылдайды. Ал қазір тыңдаулар уақытында Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жектерден шеттетілді.

    "Қазір жариялай алмайтын жаңа деректер белгілі болды": федерация президенті басы дауға қалған Жәнібек Әлімханұлы туралы айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.