jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    "Сыналдық": Жәнібек Әлімханұлы чемпиондық белбеуінен айырылуына қатысты пікір білдірді

    Боксшы Жәнібек Әлімханұлы
    Жәнібек Әлімханұлы. Фото: instagram.com/janibek_alimkhanuly

    Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы Халықаралық бокс федерациясының өзіне қатысты шешіміне пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Жәнібек Әлімханұлы Instagram желісіндегі парақшасында IBF нұсқасы бойынша чемпиондық белбеуінен айырылуына қатысты жазба жариялады.

    "Сыналдық, бірақ сынбадық! Керісінше, шыңдалдық! Шешімдер шықты, IBF кетті, WBO қалды.

    Қалай болғанда да қазір мен WBO нұсқасы бойынша орта салмақта әлем чемпионымын! Бір титул сақталды! Аллаға шүкір! Бұйыртса, 8 айдан соң рингке шығамын! Үлкен жорық жалғасады. Құдай жаратқан төбені кетпен шауып біте алмайды! Құдай жаққан отты адам үрлеп өшіре алмайды! Біз әлі аяқтамадық, меніңше бәрі енді басталатын сияқты!

    Кәсіпқой бокс біреулер үшін спорт болса, кейбіреулер үшін тек бизнес! Біз спорт жағындамыз! Біз қазақылық бағытындамыз!

    Қазанаттың жолында жазық та бар ор да бар, азаматтың жолында бақыт та бар сор да бар! Бұл өмір заңы! Әр қиындықтан соң қуаныш барын ұмытпаймыз", - делінген жазбада.

    Боксшы тағы да допингке қарсы екенін айтты.

    "Мұны бұрын да айтқанмын, қазір де айтамын! Өткен нәрсе өтті, біткен нәрсе бітті! Талқылай бергеннен, уайымдай бергеннен тағдыр өзгермейді. Ең бастысы ел менің кім екенімді, қандай боксшы екенімді жақсы біледі!

    Ардақты ағайын, біз әлі әлем чемпионымыз! Алдымызда талай додалар күтіп тұр! Жеңісті күнде жүздесейік! Қолдауларыңызға рақмет", - деді ол жазбасында.

    "Сыналдық": Жәнібек Әлімханұлы чемпиондық белбеуінен айырылуына қатысты пікір білдірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.