Қазақстандық балуан Ділдаш Күрішбаева самбодан Азиада чемпионы атанды деп хабарлайды Olympic.kz.

68 келіде белдескен жерлесіміз финалда өзбекстандық Нилуфар Дәулетованы жеңді.
Есеп – 4:0. Осылайша, самбошылар ел қоржынына екі алтын салып отыр.
Сондай-ақ, ерлер арасындағы сында Әлібек Зекенов қола жүлде иеленді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/1750369-aziada-2018-kazakstandyk-sambosy-kyz-14-si-altyndy-ensiledi/