Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақ баласы дзюдодан Моңғолияның чемпионы атанды (фото)

Опубликовано:

Этникалық қазақ Серік Бердімұратұлы дзюдодан Моңғолияның чемпионы атанды. Қандасымыз 100 келі салмақта өнер көрсеткен деп хабарлайды kaznews.mn.

Фото: kaznews.mn
Фото: kaznews.mn: Depositphotos

Ерлер мен әйелдер арасындағы дзюдо күресінен Моңғолия чемпионаты Сэлэнгэ аймағының Сүхбаатар қаласында өткен.

Дүбірлі додада -100 келі салмақта белдескен Серік Бердімұратұлы тұғырдың ең жоғарғы сатысына көтеріліп, алтын медальмен марапатталды.

Осылайша, ол Баян-Өлгий спорт тарихында алғаш рет дзюдодан ересектер арасында ел чемпионы атанып отыр.

Фото: kaznews.mn
Фото: kaznews.mn: Depositphotos

Серік жартылай финалда 2017, 2018 жылғы ел чемпионы Г.Алтанабагана-нан басым түсіп, финалдық кездесуде қарсыласы Д.Цэрэннямды вазари ұпайымен жеңген.

Қазақпараттың мәліметінше, Серік Бердімұратұлы Баян-Өлгейде дүниеге келген. Спортпен он жасынан бері шұғылданады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/1772184-kazak-balasy-dzudodan-mogoliany-cempiony-atandy-foto/

pixel