jitsu gif
Спорт

    Қазақстандық дзюдошы Ерлан Серікжанов жарыстың екінші күнін сәтті бастады

    Жарыс
    Фото: Жеңіс Ысқабай / Қазақстан ҰОК

    Токио Олимпиадасында дзюдо бойынша жарыстардың екінші күні басталды. Қазақстандық дзюдошы Ерлан Серікжанов жарысты сәтті бастады деп хабарлайды Olympic.kz.

    Бүгін, жарыстың екінші күнінде ерлер 66 келіге дейінгі, әйелдер 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өзара мықтыны анықтайды. 

    66 келіде Қазақстан сапынан татамиге шыққан Ерлан Серікжанов алғашқы кездесуінде қарсыласын жеңді. Әзірбайжандық Орхан Сафаровпен белдескен ол қосымша уақытта "вазари" ұпайын еншіледі. 

    Айта кетерлігі, Ерлан Серікжановтың келесі қарсыласы әлем чемпионатының күміс жүлдегері италиялық Мануэль Ломбардо болады. 

    Еске сала кетсек, Токио Олимпиадасында Қазақтан қоржынына алғашқы медаль түсті. Дзюдошы Елдос Сметов қола медаль жеңіп алған болатын.

    60 келі салмақта сынға түскен қазақстандық балуан қола медаль үшін өткен кездесуде Нидерланд елінің спортшысы Торнике Цакаджоені ұтты.

    Негізгі уақытта жеңімпаз анықталмай, қосымша уақытта Сметовтің жасаған әдісі есепке алынды. Бұл Қазақстан командасының Токио ойындарындағы алғашқы жүлдесі.

    Елдос Сметов 2016 жылы өткен Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері атанған болатын.

    Қазақстандық дзюдошы Ерлан Серікжанов жарыстың екінші күнін сәтті бастады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.