jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    Жәмила Бақбергенова күрестен әлем чемпионатының финалында ұтылды

    Жәмила Бақбергенова
    Жәмила Бақбергенова: olympic.kz

    Норвегия астанасы Ослода өтіп жатқан әлем чемпионатында әйелдер күресінен бәсекелер аяқталып, Қазақстан командасы бір медаль еншіледі деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Әйелдер күресінен 72 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Жәмила Бақбергенова финалда жапониялық Масако Фуруикимен белдескен болатын. Өкінішке қарай, қазақстандық спортшы 0:3 есебімен қарсыласына есе жіберіп, әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

    Бұл Жәмиланың ересектер күресіндегі ең алғашқы жүлдесі. Бұған дейін ол Азия чемпионаттары мен жастар арасындағы әлем біріншіліктерінде жүлдегер атанған.

    Бақбергенова жапониялық спортшымен 2019 жылы Нұр-Сұлтанда өткен әлем чемпионатында да кездесіп, 0:2 есебімен ұтылып қалған. Қазақстандық балуан бұл жолы да ежелгі қарсыласынан есе қайтара алмады.

    Осылайша, Норвегиядағы әлем чемпионатында еркін күрес пен әйелдер күресінен бәсекелер аяқталды. Еркін күрес шеберлері жүлдеге іліккен жоқ, ал әйелдер командасы дүниежүзілік доданы бір медальмен аяқтап отыр.

    Ал грек-рим күресі шеберлерінің бәсекесі әлі де аяқталған жоқ. Ослодағы әлем чемпионаты 10 қазанда мәресіне жетеді.

    Жәмила Бақбергенова күрестен әлем чемпионатының финалында ұтылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.