Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбелік Мейрамбек Айнағұлов қырғыз балуанынан таза ұтылып, алтыннан айырылды

Опубликовано:

Мейрамбек Айнағұлов күрес
Мейрамбек Айнағұлов. Фото: olympic.kz

Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия чемпионатында Қазақстан қоржыны екі күміспен толықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Финалға жолдама алған төрт қазақ балуанының екеуі жеңіліске ұшырады.

55 келіде белдескен Аманғали Бекболатов жапондық Ю Шиотаниден 2:15 есебімен жеңілді. Есепте алда келе жатқан Аманғали қарсыласының айналдыра лақтыру тәсіліне екі рет түсіп, белдесу мерзімінен бұрын аяқталды.

63 келіде күрескен Мейрамбек Айнағұлов та финалдағы қарсыласы, қырғызстандық Тынар Шаршенбековке еш айла көрсете алмады. Ол екінші кезеңнің орта тұсында таза ұтылып, турнирдің күміс жүлдегері атанды.

Бүгін тағы екі балуанымыз алтынға таласады. Олар - Мақсат Ережепов (77 келі) және Әлімхан Сыздықов (130 келі).

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/1965812-aqtobelik-meirambek-ainagulov-qyrgyz-baluanynan-taza-utylyp-altynnan-aiyryldy/

pixel