Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жаппай жеңіліс": Мақсат Ережепов қырғыз күресінің жұлдызы Махмұдовтан ұтылып қалды

Опубликовано:

Қырғыз балуаны Ақжол Махмұдов
Қырғыз балуаны Ақжол Махмұдов. Фото: sport.akipress.org

Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда өтіп жатқан Азия чемпионатында отандық балуандар қырғыз спортшыларынан жаппай жеңіліп жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Грек-рим күресінен 77 келіде сынға түскен Мақсат Ережепов финалда қырғызстандық Ақжол Махмұдовтан 1:3 есебімен ұтылып қалды.

Токио Олимпиадасның күмісін иеленіп, өз елінде жұлдызға айналған Ақжол Махмұдовқа қарсы Мақсат еш тәсіл қолдана алған жоқ. Махмұдова төрттағанда қарсыласын жұлып алып, өзінен асыра лақтырды.

Бұл Қазақстан командасының қоржынындағы үшінші күміс медаль. Бұған дейін Мейрамбек Айнағұлов та қырғыз балуаны Тынар Шаршенбековтен ұтылған болатын.

Ал 55 келідегі Аманғали Бекболатов жапон балуанынан мерзімінен бұрын жеңілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/1965818-zappai-zenilis-maqsat-erezepov-qyrgyz-kuresinin-zuldyzy-maxmudovtan-utylyp-qaldy/

pixel