Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлімхан Сыздықов грек-рим күресінен Азия чемпионы атанды

Опубликовано:

Әлімхан Сыздықов балуан
Әлімхан Сыздықов. Фото: olympic.kz

Ұлан-Батырда (Моңғолия) өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия чемпионатында грек-рим күресінен Қазақстан командасының өкілі Әлімхан Сыздықов жеңіске жетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Аса ауыр салмақта сынға түскен Әлімхан финалда Оңтүстік Корея елінің балуаны Ким Минсокты таза жеңді. Есеп - 9:0.

Қазақстандық балуан өз мансабында алғаш рет Азия чемпионатының алтынын иемденіп отыр. Бұған дейін ол финалда ұтылып, күміс жүлдені қанағат тұтқан болатын.

Азия чемпионатындағы бірінші жарыс күнінің қорытындысы бойынша, Қазақстан командасының еншісінде бес медаль бар.

Әлімхан Сыздықов алтын, Аманғали Бекболатов, Мейрамбек Айнағұлов, Мақсат Ережепов күміс, Нұрсұлтан Тұрсынов қола жүлдегер атанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/1965826-alimxan-syzdyqov-grek-rim-kuresinen-aziya-cempiony-atandy/

pixel