Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жәмила Бақбергенова әйелдер күресінен екі дүркін Азия чемпионы атанды

Опубликовано:

Жәмила Бақбергенова
Жәмила Бақбергенова: olympic.kz

Моңғолия астанасы Ұлан-Баторда күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық спортшы Жәмила Бақбергенова әйелдер күресінен Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.

72 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Жәмила Ұлан-Батор бозкілемінде қарсылас шақ келтірмеген.

"Дөңгелек айналым" жүйесі бойынша өткен бәсекеде отандасымыз Даваанасан Енхамар (Моңғолия), Светлана Окназарова (Өзбекстан), Никки Никки (Үндістан) және Сумире Ниикура (Жапония) сынды мықты балуандарды жеңген.

Нәтижесінде әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының қоржынына екінші алтын түсті.

Жарыстың алғашқы күнінде Жәмиланың сыңары Мадина Бақбергенова 68 келі салмақта топ жарған болатын

Айта кетейік, Жәмила Бақбергенова осымен екінші рет Азия чемпионы атанып отыр.

Ол бұған дейін 2020 жылы Нью-Делиде өткен Азия чемпионатында алтын медаль алған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/1966355-zamila-baqbergenova-aielder-kuresinen-eki-durkin-aziya-cempiony-atandy/