Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Күрестен Азия чемпионаты: Қазақ балуаны Олимпиада жүлдегеріне қарсы шығады

Опубликовано:

Спортшы
Фото: Ұлттық Олимпиада комитеті

Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында күрес түрлерінен Азия чемпионаты жалғасуда. Бүгін еркін күрестен құрлық додасының алғашқы жеңімпаздары анықталады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

57 келідегі Рахат Қалжан бүгін Қазақстан сапынан финалға шыққан жалғыз балуан. Ол Шри-Ланка, Өзбекстан және Қырғызстан спортшыларын жеңіп, ақтық сынға жолдама алды. Алтын үшін айқаста Рахат Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері, екі дүркін Азия чемпионы, үндістандық Рави Кумармен белдеседі.

2021 жылғы Азия чемпионы Талғат Сырбаз биыл қола медальға таласады. 70 келіде белдесетін ол жартылай финалда жапондық Тайши Нарикунаға 5:11 есебімен жол берген. Кіші финалда Талғат ирандық спортшыға қарсылас атанады. Сондай-ақ, 97 келідегі Мамед Ибрагимов те қола жүлдеге таласады. Мамедтің қарсыласы – өзбекстандық Мухаммадрасул Рахимов.

Өкінішке қарай, 65 келідегі Санжар Досжанов бірінші айналымда моңғолиялық Цогбадрах Цэвенсурееннен 0:10 есебімен ұтылып, жарысты аяқтады. 79 келідегі Жігер Зәкіров ширек финалда жапон балуанынан ұтылып, жүлдесіз қалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/1966454-kuresten-aziya-cempionaty-qazaq-baluany-olimpiada-zuldegerine-qarsy-sygady/

pixel