Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Азия чемпионаты: Отандық балуан финалда Олимпиада жүлдегерінен таза ұтылды

Опубликовано:

Рахат Қалжан, еркін күрес шебері
Рахат Қалжан, фото: uww.org

Күрес түрлерінен Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында еркін күрестен Қазақстан командасының мүшесі Рахат Қалжан күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

57 келі салмақта сынға түскен Рахат финалда үндістандық Рави Кумардан ойсырай жеңілді.

Токио Олимпиадасының күмісін иеленіп, екі мәрте Азия чемпионы атанған Кумар қазақстандық қарсыласын оңай ұтты. Белдесу толық аяқталмай жатып, үнділік балуан 12:2 есебімен жеңіске жеткен.

Осылайша, Рахат Қалжан Азия чемпионатының күміс медалін иеленді. Бүгін кілемге шыққан балуандардың ішінде ақтық сынға дейін сүрінбегені Рахат қана.

Ал былтырғы Азия чемпионы, 70 келідегі Талғат Сырбаз бен 97 келідегі Мамед Ибрагимов турнирдің қола жүлдесіне таласады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/1966468-aziya-cempionaty-otandyq-baluan-finalda-olimpiada-zuldegerinen-taza-utyldy/

pixel