Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Балалық шақтарың менсіз өтуде": Қазақстандық балуанның өз балаларына арнаған хаты жанкүйердің жүрегін елжіретті

Жарияланған күні:

Қазақстандық балуан балаларына арнап хат жазды
Аманғали Бекболатов. Фото: uww.org

Грек-рим күресінен Қазақстан командасының мүшесі, Ислам ойындарының қола жүлдегері Аманғали Бекболатов өзінің үш баласына арнап хат жазды. Жанкүйерлердің жүрегін елжіреткен жазбаны спортшы Instagram желісінде жариялаған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Бүгін өзімнің балаларыма арнап хат жазамын. Ақерке, Амира, Ахмет – кез келген спорт төзімді, уақыт пен күшті, мақсат пен табандылықты талап етеді. Адам қандай спорт түрімен айналысса да, мейлі, ол каратэ немесе бокс, жүзу немесе күрес болсын, жеңістің мәні жалғыз – бұл қажырлы жаттығу. Әрбір биік нәтижеге кепілдік беретін осы.

Спорттың нағыз еңбек екенін әрбір спортшы біледі. Олар жеңіске жету үшін көп нәрсені құрбан етеді: жеке өмірі, жеке уақыты, қаржы, энергия, ұйқы... Мұнсыз ештеңе де болмайды. Жаттығу мен тәжірибесіз ешқандай нәтиже жоқ.

Нағы шебер болу үшін кез келген істе кем дегенде 10 мың сағат тәжірибе болу керек деп айтады. Спортта да бәрі биікке көтерілу, құзға құлау, сәттілік, сәтсіздіктер арқылы өрбиді. Кәсіби спортшылар әр күн сайын еңбектенеді, оларда демалыс және мерекелік күндер деген болмайды. Спортшы бір жаттығуды босқа жіберу артқа басу емес, артқа секірумен бірдей екенін жақсы түсінетін еңбекқор адам.

Сендердің балалық шақтарың менсіз қалай өтіп жатқанын жақсы білемін, себебі, өзім бала кезден әкесіз өстім. Бір жағынан бұл менің өмірлік мотивациям болды, өйткені, менің артымда қорғайтын ешкім жоқ екенін және маған жайдан-жай ешкім ештеңе бермейтінін түсіндім. Сондықтан, мен отбасымды асырап, балаларым ештеңеден тарықпау үшін осы жолды таңдадым.

Сендердің аналарыңа көп рахмет, онымен танысқан соң бірнеше айдан кейін грек-рим күресінен ұлттық құрамаға қабылдандым. Ол балалардың тәрбиесін жалғыз өзі қолға алып, менің ештеңеге алаңдамай дайындалуыма жағдай жасауда. Міне, содан бері бізден жақсы нәтиже шығып жатыр.

Енді біздің арманымыздың орындалуына сәл ғана қалды...", - деп жазды балуан.

Споршының жазбасын жанкүйерлер жылы қабылдады.

"Бұйырса Олимпиада чемпионы боласың", "Армандарың орындала берсін", "Өте дұрыс айтасың. Әрі әке, әрі спортшы болудың қандай екенін түсінемін", - деп жазды желі қолданушылары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/1983256-balalyq-saqtaryn-mensiz-otude-qazaqstandyq-baluannyn-oz-balalaryna-arnagan-xaty-zankuierdin-zuregin-elziretti/