Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Алғашқы финал": Жәмила Бақбергенова күрестен әлем чемпионатының алтынына таласады

Опубликовано:

Жәмила Бақбергенова әлем чемпионатының финалына шықты
Жәмила Бақбергенова: uww.org

Күрес түрлерінен Сербия астанасы Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Жәмила Бақбергенова финалға жолдама алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Әйелдер күресінен 72 келіге дейінгі салмақта бақ сынайтын Жәмила жарыстың жартылай финалында румыниялық балуан, Еуропа чемпионатының қола жүлдегері Александра Ангелды мерзімінен бұрын ұтты. Есеп - 12:2.

Финалда Жәмила Бақбергенова америкалық Амит Элорға қарсы шығады. Ақтық сын ертең Нұр-Сұлтан уақытымен 22:00-де басталады.

Айта кетелік, Жәмила 2021 жылғы әлем біріншілігінде күміс жүлдегер атанған болатын.

Сербиядағы әлем чемпионатында қазақстандық балуандар әзірге бір жүлде алды. Грек-рим күресінен 60 келі салмақта Айдос Сұлтанғали қола медаль ұтып алған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/1987809-algasqy-final-zamila-baqbergenova-kuresten-alem-cempionatynyn-altynyna-talasady/

pixel