Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жәмила Бақбергенова 19 жастағы балуаннан ойсырай ұтылып, күміс жүлдені қанағат тұтты

Опубликовано:

Жәмила Бақбергенова әлем чемпионатының күміс жүлдегері
Жәмила Бақбергенова. Фото: uww.org

Әйелдер күресінен Қазақстан командасының мүшесі Жәмила Бақбергенова Белградтағы (Сербия) әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

72 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Жәмила ақтық сында 19 жастағы америкалық балуан Амит Эйлормен белдескен болатын.

Өкінішке қарай, бұл кездесуде Бақбергенованың жасы да, тәжірибесі де көмектеспеді.

Жас әрі талантты америкалық спортшы мәселені алғашқы минутта-ақ шешіп, мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Есеп - 10:0, Амиттің жеңіс.

Жәмила Бақбергенова әйелдер күресінен биылғы әлем чемпионатында жүлде алған жалғыз қазақстандық спортшы. Ол былтыр да финалда сүрінген болатын.

Осылайша, қазақстандық спортшы әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері атанып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/1988050-zamila-baqbergenova-19-zastagy-baluannan-oisyrai-utylyp-kumis-zuldeni-qanagat-tutty/

pixel