Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Күрестен әлем біріншілігі: Азия чемпионы Нұрғожа Қайпанов бірінші айналымда ұтылып қалды

Опубликовано:

Нұрғожа Қайпанов Азия чемпионатының финалына шықты
Нұрғожа Қайпанов. Фото: olympic.kz

Күрестен Сербия астанасы Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Нұрғожа Қайпанов жеңіліс тапты. Ол бірінші айналымда ұтылған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Еркін күрестен 74 келіде сынға түскен Нұрғожа Қайпанов бірінші белдесуде жапондық Даиши Такатанимен тең түсті. Алайда ұпайдың сапасы жөніне жапондық келесі айналымға өткен.

Өкінішке қарай, 1/8 айналымда Даиши жеңіліс тауып, Қайпанов жүлдеден біржолата үмітін үзді.

Айта кетелік, Нұрғожа екі дүркін Азия чемпионы әрі 2019 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері.

Ал 57 келіде бақ сынаған Рахат Қалжан екінші кезеңде сербиялық балуаннан 1:12 есебімен ұтылған.

92 келідегі Әділет Дәулембаев ширек финалда Грузия балуанына есе жіберді.

Бүгін еркін күрес шебері Азамат Дәулетбеков (86 келі) қола жүлдеге таласады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/1988247-kuresten-alem-birinsiligi-aziya-cempiony-nurgoza-qaipanov-birinsi-ainalymda-utylyp-qaldy/

pixel