Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақ балуаны күрестен Испанияда өтіп жатқан әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды

Опубликовано:

Күрес өтетін кілем
Көрнекі сурет: uww.org

Күрес түрлерінен 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Олжас Сұлтан қола жүлдегер атанды. Бұл туралы UWW ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Олжас грек-рим күресінен 60 келіге дейінгі салмақта сынға түсті. Ол ең алғашқы белдесуде әзербайжандық Нихад Маммадлиден 0:5 есебімен ұтылып қалған.

Кейін Мамадли финалға жолдама алып, Олжас Сұлтан екі жұбаныш белдесуінде бақ сынады. Ол алдымен үндістандық Сумит Сумитті 8:0 есебімен ұтса, кейін украиналық Владислав Кузьконы 6:5 есебімен жеңді.

Қола медаль үшін өткен белдесуде қазақстандық спортшы қырғыз елінің өкілі Нұрмұхамет Абдуллаевтан 8:0 есебімен басым түсті. Осылайша, өз мансабында алғаш рет әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Бұл салмақта түркиялық Керем Камаль чемпион атанса, Нихад Мамадли күмісті қанағат тұтты. Қола жүлдені қазақстандық Олжас Сұлтан мен израильдік Мелкаму Фетене иеленген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/1993475-qazaq-baluany-kuresten-ispaniyada-otip-zatqan-alem-cempionatynda-qola-medal-zenip-aldy/