Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық Дәулет Ергеш күрестен әлем чемпионатының финалына шықты

Опубликовано:

Дәулет Ергеш белдесу сәтінде
Дәулет Ергеш: uww.org

Испанияның Понтеведра өтіп жатқан күрес түрлерінен 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық Дәулет Ергеш финалға шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Еркін күрестен 79 келіге дейінгі салмақта сынға түскен ол алдымен Пуэрто-Рико балуанын 10:0, Украина балуанын 8:1 есебімен жеңді.

Жартылай финалда америкалық балуанмен өткен тартысты кездесуді де Дәулет өз еншісіне жазып, 8:7 есебімен ұтты.

Бүгін финалдық кездесулер өтеді. Дәулет Ергештің ақтық сындағы қарсыласы - грузиялық Владимир Гамкрелидзде.

Сондай-ақ, бүгін тағы бір қазақстандық балуан жүлдеге таласады. Жартылай финалда Вазген Теваняннан ұтылған Адлан Асқаров кіші финалда бақ сынайды.

Финалдық кездесулер бүгінгі кешке жоспарланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/1993896-qazaqstandyq-daulet-erges-kuresten-alem-cempionatynyn-finalyna-syqty/

pixel