Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елдос Сметов бастаған дзюдошылар жылдың қорытынды турнирінде бақ сынайды

Опубликовано:

Елдос Сметов белдесу кезінде
Елдос Сметов. Фото: olympic.kz

Дзюдодан жылдың қорытынды World Masters турнирі 20-22 желтоқсан күндері Иерусалимде (Израиль) өтеді. Аталған сынға қазақстандық спортшылар да қатысады, деп хабарлайды bassport.kz.

Тек жүлделер жиынтығы емес, сондай-ақ, 2024 жылы Парижде өтетін жазғы Олимпиада ойындарының жолдамалары сарапқа салынатын турнирде ел намысын қорғайтын құрама команда белгілі болды.

2022 жылдың қорытынды турнирінде Қазақстан атынан 9 ер, 4 әйел, жалпы есебі 13 спортшы сынға түседі.

Қазақстан ерлер құрамасы: Мағжан Шамшадин (60 келі), Елдос Сметов (60 келі), Бауыржан Нарбаев (60 келі), Ғұсман Қырғызбаев (66 келі), Жансай Смағұлов (73 келі), Данияр Шамшаев (73 келі), Абылайхан Жұбаназар (81 келі), Дидар Хамза (90 келі), Нұрлыхан Шархан (100 келі).

Қазақстан әйелдер құрамасы: Абиба Әбужақынова (48 келі), Севара Нышанбаева (57 келі), Аруна Жангелдина (78 келі), Камила Берліқаш (+78 келі).

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2001629-eldos-smetov-bastagan-dzyudosylar-zyldyn-qorytyndy-turnirinde-baq-synaidy/

pixel