Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жәмила Бақбергенова күрестен Азияның үздік спортшысы атанды

Опубликовано:

Жәмила Бақбергенова әлем чемпионатының жартылай финалына шықты
Жәмила Бақбергенова: olympic.kz

Әйелдер күресінен Қазақстан командасының мүшесі Жәмила Бақбергенова маусым соңына қарай тағы бір жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды UWW ресми парақшасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қазақстандық спортшы әйелдер күресінен Азияның үздік балуаны деп танылды. Ол мұндай атаққа қол жеткізіп отырған алғашқы қазақстандық спортшы.

Грек-рим күресінен үздік балуан атағын қырғызстандық әлем чемпионы Ақжол Махмұдов иеленді.

Ал еркін күрестен жылдың үздігі болып жапониялық Таиши Нарукуни танылды.

Айта кетелік, бұған дейін Бақбергенова әлемдік рейтингте көш бастап, жазғы спорт түрлерінен еліміздің үздік спортшысы деп танылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2003501-zamila-baqbergenova-kuresten-aziyanyn-uzdik-sportsysy-atandy/

pixel