Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мисс атанған қазақстандық дзюдошы қыз жарыста қарсыласының аяғын тістеп алды деп күдіктелуде

Жарияланған күні:

Айгерім Әбілқадырова
Айгерім Әбілқадырова. Фото: instagram/ab_aigerimm

Дзюдодан Парижде өтіп жатқан Grand Slam турнирінде қазақстандық Айгерім Әбілқадырова спортқа жат әрекетімен көзге түсті. Бұл туралы Sports.kz порталы хабарлайды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

52 келі салмақта сынға түскен Айгерім бірінші айналымда бельгиялық Шарлин ван Сникпен кездесіп, ұтылды. Ол дзюдода өте қиын саналатын "қылғындыру" әдісіне түсіп қалған.

"Айгерім ауыртатын әдіске түсіп, шамасы, бельгиялық тістеп алған сияқты. Бұл Париждегі "Үлкен дулыға" турнирінде болды", - деп жазды "Спорт Шредингера" Telegram арнасы.

Айгерім Әбілқадырова дзюдодан 11 дүркін Қазақстан чемпионы және грепплингтен Азия, әлем чемпионы атанған.

Жарақатына байланысты спорттан үзіліс алып, "Мисс Еуропа" атағын иеленген.

Қазіргі таңда ол ел чемпионатында жеңіске жетіп, ұлттық құрамаға қайта оралды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2008052-miss-atangan-qazaqstandyq-dzyudosy-qyz-zarysta-qarsylasynyn-ayagyn-tistep-aldy-video/