Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дзюдодан Антальядағы Grand Slam турнирін қазақ балуандары жалғыз қоламен аяқтады

Опубликовано:

Нұрқанат Серікбаев кезекті жеңісінен соң
Нұрқанат Серікбаев. Фото: ijf.org

Түркияның Анталья қаласында дзюдодан кезекті Grand Slam додасы аяқталды. Соңғы жарыс күнінде Қазақстан қоржынына медаль түскен жоқ, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Турнирдің үшінші жарыс күнінде Қазақстан атынан Нұрлыхан Шархан ғана жүлделі орынға күрескен. 100 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Шархан қола медаль үшін күресте ұтылып қалды.

Ол сербиялық қарсыласына "ваззари" ұпайымен есе жіберген.

Осылайша, Нұрлыхан Шархан турнирді бесінші орынмен аяқтады.

Антальядағы турнирден қазақ дзюдошылары бір ғана жүлде жеңіп алды. 60 келідегі жас балуан Нұрқанат Серікбаев жарыстың қола жүлдегері атанған болатын.

Ал 66 келідегі Ғұсман Қырғызбаев қола медаль үшін өткен кездесуде жеңіліп, бесінші орында қалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2015087-dzyudodan-antalyadagy-grand-slam-turnirin-qazaq-baluandary-zalgyz-medalmen-ayaqtady/