jitsu gif branding logo appbranding logo app

    "Ұтпасам ұят болар еді": Азамат Дәулетбеков пен Дархан Есенғали еркін күрестен Азия чемпионы атанды (видео)

    Азамат Дәулетбеков Азия чемпионы атанған сәт
    Азамат Дәулетбеков. Фото: instagram/azamat_dauletbekov

    Астанада өтіп жатқан Азия чемпионатында еркін күрестен Қазақстан командасының қоржыны төртінші алтынмен толықты. Бүгін екі олимпиадалық салмақта қазақ балуандары топ жарды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    74 келі салмақта биылғы ел спартакиадасының чемпионы Дархан Есенғали жеңіске жетті. Ол өзі қатысқан Азия чемпионатының финалында жапониялық Кирин Киношитаны 7:2 есебімен ұтты.

    Турнир барысында Дархан Сингапур, Қырғызстан және Бахрейн атынан шығатын ресейлік спортшыны жеңген болатын.

    Айта кетелік, бұл Дарханның ересектер арасындағы халықаралық ірі жарыстан алған алғашқы медалі.

    "Бұл салмақта ұтпасам, ұят болар еді. Жеңісімді барша қазақ еліне арнаймын", - деді Дархан.

    86 келідегі Қазақстан үздігі Азамат Дәулетбеков қатарынан екінші рет Азия чемпионатының алтынын алды. Дәулетбеков финалда өте азулы қарсыласы, ирандық Алиреза Карими Маханиді 2:1 есебімен жеңді.

    Карими әлем чемпионатының үш дүркін жүлдегері, Азия ойындарының жеңімпазы және үш дүркін Азия чемпионы екенін естеріңізге саламыз.

    Астанадағы Азия чемпионатында еркін күрес шеберлері осымен төртінші алтын медальді жеңіп алды. Кеше Санжар Досжанов пен Болат Сақаев сары құрлық сынында жеңістің ең биік тұғырына көтерілген болатын.

    "Ұтпасам ұят болар еді": Азамат Дәулетбеков пен Дархан Есенғали еркін күрестен Азия чемпионы атанды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.