
Дзюдодан Катар астанасы Дохада өтіп жатқан әлем чемпионатында бір спортшымыз ғана жартылай финалға жетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
48 келідегі Әбиба Әбужақынова әлем біріншілігінің жартылай финалында бақ сынайды. Ол жарысты екінші айналымнан бастап, Израиль және Моңғолия спортшыларын ұтты.
Ал ширек финалда сербиялық Мелиса Николичті "иппон" ұпайымен ұтты. Жартылай финалда Әбиба франциялық Ширин Боулкимен кездеседі. Бұған дейін Әбужақынова франциялық қарсыласын ұтқан болатын.
60 келідегі тәжірибелі Елдос Сметов екінші белдесуде өзбекстандық Ділшодбек Баратовқа есе жіберді.
Ал осы салмақта сынға түскен Нұрқанат Серікбаев ширек финалда әйгілі Наохиса Такатодан ұтылып, жұбаныш белдесуіне қатысу мүмкіндігін алды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2019736-smetov-utyldy-abuzaqynova-alem-cempionatynyn-zartylai-finalyna-syqty/