jitsu gif
Спорт

    "Иығым түсіп қалса да, медаль алғым келді": Әбиба Әбужақынова жеңілістен соң көз жасына ерік берді

    Әбиба Әбужақынова сұхбат беруде
    Әбиба Әбужақынова. Фото: instagram/drs_kz

    Дзюдодан әлем біріншілігінде Қазақстан командасының көшбасшысы Әбиба Әбужақынова жеңіліс тапты. Кейін сұхбат берген спортшы жеңіліс себебін айтып, көз жасына ерік берді, деп жазады Спортты дамыту дирекциясының ресми парақшасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    "Қателіктің бәрі өзімнен. Ұтылып қалдым. Дайын келгем, негізі. Үшінші орын емес, бірінші орын алғым келген. Үшінші орын үшін де ұтылып қалдым. Қатты қалаған жоқпын үшінші орынды.

    Жартылай финалдағы қарсыласыммен (Шырын Бакли - ред.) бұрын кездескенбіз. Есеп 1:1 еді, енді 2:1 болды. Дұрыс тактика қойған жоқ маған. Жақын жүріп күресуім керек еді. Барлық ойым сол кездесу еді... Ал үшінші орынға

    Моңғол қызына қарсы өткен екінші белдесуде кішкене иығымды ауыртып алғам. Бірақ жарақатты ойламау керек. Иығым түсіп қалса да, медаль алғым келген. Ала алмадым. Бұйырса басқа жарыстан аламын. Мүмкін Олимпиададан шығар...", - деп спортшы көзіне жас алды.

    Айта кетелік, Катар астанасы Дохада өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақ дзюдошысы Әбиба Әбужақынова бесінші орын алды. Ол қола жүлде үшін күресте италиялық Ассунта Скуттодан жеңілді.

    Әбиба былтыр Ташкентте өткен әлем біріншілігінде қола жүлде иеленіп, тарихта қалған болатын.

    "Иығым түсіп қалса да, медаль алғым келді": Әбиба Әбужақынова жеңілістен соң көз жасына ерік берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.