Астана қаласында даңқты балуан Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған грек-рим күресінен 20 жасқа дейінгі балуандар арасындағы халықаралық турнир аяқталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.
Бозкілем бәсекесінің шешуші күні тағы 5 салмақтың үздіктері анықталды. Нәтижесі мынадай:
60 келі:
1. Илкин Гурбанов (Әзірбайжан),
2. Сайфулла Құрман (Қазақстан),
3. Диас Нұрақов (Қазақстан),
3. Дәулет Фрунзиев (Қазақстан).
67 келі:
1. Канан Абдуллазаде (Әзірбайжан), U20 әлем чемпионы,
2. Мұхтархан Сахан (Қазақстан),
3. Тавакгүл Хазиев (Әзірбайжан),
3. Азиз Гассимов (Қазақстан).
77 келі:
1. Олжас Ерғали (Қазақстан),
2. Ерлан Марсуулы (Қырғыз Республикасы),
3. Әділ Мусаев (Әзірбайжан),
3. Раван Нуриев (Әзірбайжан).
87 келі:
1. Нұрасыл Аманалы (Қазақстан),
2. Али Гулиев (Әзірбайжан),
3. Бағлан Қуаныш (Қазақстан),
3. Этибар Рзаев (Әзірбайжан).
130 келі:
1. Жохар Узаров (Қазақстан),
2. Мазаим Марданов (Әзірбайжан),
3. Асар Амиров (Қазақстан),
3. Ақарыс Бердашов (Қазақстан).
Айта кетейік, бұған дейін 5 салмақтағы жүлдегерлер белгілі болған.
Биыл Олимпиада чемпионын еске алуға арналған бәсеке 3-рет ұйымдастырылды. Еліміздің әр өңірінен келген балуандармен қатар Қырғыз, Өзбекстан, Тәжікстан, Әзірбайжан Республикасы және Израильдің үздік 164 спортшысы өзара сынға түсті.
Жалпы есепте Қазақстан құрамасы (6 алтын, 5 күміс, 14 қола) 1-орын алды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2021244-astana-qalasynda-otken-turnirde-otandyq-baluandar-6-altyn-medal-zenip-aldy/