Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақтың балуан қызы ауыр жарақатына байланысты жаттығу жиынынан кетіп қалды

Жарияланған күні:

Эльмира Сыздықова жеңістен соң
Эльмира Сыздықова. Фото: uww.org

Әйелдер күресінен Қазақстан командасының үздігі Эльмира Сыздықова жарақатына байланысты оқу-жаттығу жиынына қатыспай, кетіп қалды. Бұл ақпаратты команданың аға бапкері Қайрат Сағадиев те растады, деп хабарлайды Bassport.kz.

Бапкердің мәліметінше, Сыздықова Бішкектегі рейтингілік турнирге қатыспақ болған.

"Қырғызстан астанасында халықаралық оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатырмыз. Жиын барысында Эльмира Сыздықова аяғын қатты ауыртып алды. Бүгінде ол елге қайтып кеткен. Онымен кешенді ғылыми топ мамандары жұмыс істеп, әрі қарай емдейді. Әзірге оның жарақаты нақты қай деңгейде екені белгісіз. Қазіргі таңда жиын жалғасуда. Мұнда Қырғызстан, Франция, Түркия құрамаларынан спортшылар келді. 1-4 маусым аралығында өтетін рейтингілік турнирде біздің балуандар да бақ сынайды", - дейді Сағадиев.

Бішкектегі жиынға құраманың бірінші және екінші нөмірлі балуандары қатысуда.

Айта кетелік, Эльмира Сыздықова күрестен екі дүркін Азия чемпионы, 2016 жылғы Рио Олимпиадасының қола жүлдегері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2022649-qazaqtyn-baluan-qyzy-auyr-zaraqatyna-bailanysty-zattygu-ziynynan-ketip-qaldy/