Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақ балуаны Марлан Мұқашев финалда өзбек қарсыласын жеңіп, ірі турнирде топ жарды

Опубликовано:

Марлан Мұқашев кілемде белдесіп жатыр
Марлан Мұқашев қызыл жейдеде. Фото: uww.org

Қырғызстан астанасы Бішкекте күрес түрлерінен әлемдік рейтингілік турнир өтуде. Бірінші жарыс күнінде қазақстандық Марлан Мұқашев топ жарды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Грек-рим күресінен 55 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Марлан Мұқашев турнирдің жеңімпазы атанды. Ол жарыс барысында Иран мен Өзбекстан балуандарын ұтып, жартылай финалда тәжірибелі спортшы, өзінің командаласы Аманғали Бекболатовты 9:3 есебімен жеңді.

Ақтық сында Мұқашев өзбекстандық спортшы, Азия чемпионатының қола жүлдегері Ихтиор Ботировты 4:2 есебімен ұтты.

Бұдан бөлек, алғашқы жарыс күнінде Қазақстан сапынан Нұрсұлтан Базарбаев (60 келі) күміс, Ернар Фидахметов (60 келі), Нұрсұлтан Тұрсынов (87 келі) қола жүлдегер атанды.

2021 жылғы Азия чемпионы Сұлтан Әсетұлы қола медаль үшін күресте биылғы Азия чемпионы, өзбекстандық Аброр Атабаевтан 1:11 есебімен ұтылып қалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2023086-qazaq-baluany-marlan-muqasev-finalda-ozbek-qarsylasyn-zenip-iri-turnirde-top-zardy/