Бішкекте Қожамқұл Қабаұлы мен Ратбек Санатбаев атындағы күрестен рейтингтік турнир аяқталды. Шешуші жарыс күні еркін күрестен Ұлттық құрама 1 күміс, 4 қола медальге қол жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.
Сырбаз Талғат (70 келі) аса тартысты финалда қырғыз балуаны Орозобек Токтомамбетовке есе жіберді. Есеп: 3-2.
Ал Мейрамбек Қартбай (57 келі), Жігер Закиров (79 келі), Азамат Дəулетбеков (86 келі) қола жүлдеге ие болды.
Айта кетейік, бұған дейін еркін күрестен 97 келіге дейінгі салмақта Нұрсұлтан Азов қола алған.
- Еске сала кетейік, грек-рим күресінен әлем чемпионатының жүлдегері Мейірхан Шермаханбетке Үндістанның Дели қаласында кезекті ота жасалды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2023372-kuresten-biskekte-otken-bedeldi-turnirde-el-qorzynyna-bes-medal-tusti/