jitsu gif
Спорт

    Күрестен Бішкекте өткен беделді турнирде ел қоржынына бес медаль түсті

    күрес
    Фото: United world wrestling

    Бішкекте Қожамқұл Қабаұлы мен Ратбек Санатбаев атындағы күрестен рейтингтік турнир аяқталды. Шешуші жарыс күні еркін күрестен Ұлттық құрама 1 күміс, 4 қола медальге қол жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.

    Сырбаз Талғат (70 келі) аса тартысты финалда қырғыз балуаны Орозобек Токтомамбетовке есе жіберді. Есеп: 3-2.

    Ал Мейрамбек Қартбай (57 келі), Жігер Закиров (79 келі), Азамат Дəулетбеков (86 келі) қола жүлдеге ие болды. 

    Айта кетейік, бұған дейін еркін күрестен 97 келіге дейінгі салмақта Нұрсұлтан Азов қола алған.

    1. Еске сала кетейік, грек-рим күресінен әлем чемпионатының жүлдегері Мейірхан Шермаханбетке Үндістанның Дели қаласында кезекті ота жасалды.

    Күрестен Бішкекте өткен беделді турнирде ел қоржынына бес медаль түсті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.