Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бокспен салыстыруға болмайды": бас бапкер дзюдошылардың әлемдік сында неліктен медальсіз қалғанын айтты

Жарияланған күні:

Елдос Сметов белдесу кезінде
Елдос Сметов. Фото: olympic.kz

Дзюдодан Дохада өткен әлем чемпионатында Қазақстан спортшылары жүлдесіз қалды. Осыған орай, бас бапкер жеңіліс себебін түсіндірді, деп жазады Bassport.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Команда бас бапкері Нұрбол Сүлейменов маусым бойы мүлде жарысқа қатыспаған Елдос Сметовтің неліктен әлем чемпионатына барғанын айтты.

"Иә, Елдос бір-екі жарысқа қатысып, татамиді сезінуі қажет еді. Бірақ ақпан айында иығындағы жарақатын емдетті де, әлем чемпионатына дейін бабына келетінін айтты. Біз оның тәжірибесіне сендік. Оның жауапкершілігіне сендік. Ол қазақ дзюдосын алға сүйреп жүрген азамат, сондықтан жарақатын емдеуге мүмкіндік бердік", - деді бас бапкер.

Сүлейменовтің айтуынша, қазір командада буын алмасу кезеңі өтіп жатыр. Сондықтан бар үмітті тек бір спортшыға артуға болмайды.

"Тек қана бір спортшыға байланып қалуға болмайды. Сондықтан командадағы буын алмасу процесін қолға алдық. Жастарды қатарға қосып, ересектердің де тәжірибесін пайдаланудамыз. Біздің қазіргі басты мақсатымыз – жастардың әлемдік спортшы ретінде қалыптасуына көмектесу. Ал бұл аз уақыттың ішінде болатын нәрсе емес. Мықты спортшыны дайындау үшін кем дегенде екі цикл уақыт керек. Мәселен, сол Елдосты алайық. Ол қазір отыздан асты, ал 18 жасынан бастап ересектер дуына араласты. Оның жақсы спортшы болып қалыптасуына 12 жылдай уақыт кетті. Сондықтан бізді резерв мәселесі алаңдатуы қажет. Ауыртпалықтың бәрін тек қана бапкерге артып қойған да дұрыс емес", - дедід ол.

Биыл бокс пен дзюдодан әлем чемпионаты қатар өтті. Боксшылар төрт алтынмен оралса, дзюдошыларда нәтиже жоқ. Бапкер екі спорт түрін салыстыруды артық санайды.

"Бокс пен дзюдоны салыстыруға болмайды. Бокс ол біздің дәстүрлі спортымызға айналған. Елімізде нөмірі бірінші спорт түрі саналады, әр Олимпиададан алтынмен келеді боксшылар. Ал дзюдодан әлемдік деңгейге соңғы жылдары көтеріліп келеміз. Бізге чемпион даярлау үшін уақыт керек", - деді Нұрбол Сүлейменов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2023455-boks-pen-dzyudony-salystyruga-bolmaidy-bas-bapker-otandyq-sportsylardyn-nelikten-medalsiz-qalganyn-aitty/