Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бұрын-соңды болмаған: дзюдодан әлем чемпионатында бір салмақтағы екі балуан да алтын алды

Жарияланған күні:

Инал Тасоев финалдан соң
Инал Тасоев. Фото: ijf.org

Дзюдодан Дохада өткен әлем чемпионатындағы аса ауыр салмақтың нәтижелері қайта қаралды. Тарихта тұңғыш рет әлемдік ұйым бір салмақта екі спортшыға алтын медаль берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Халықаралық дзюдо федерациясы 2023 жылдың мамырында Катар астанасы Дохада өткен әлем чемпионатының бір салмақтағы нәтижесін қайта қарағанын мәлімдеді.

Дзюдодан +100 келі салмақтағы финалдық бәсекеде франциялық Тедди Ринер мен бейтарап ту астында өнер көрсеткен ресейлік Инол Тасоев белдескен еді.

Қос мықты кездесудің негізгі уақытында бір-бірін ала алмай, белдесу "алтын ұпайға" дейін созылды. Бұл кезеңде кім бірінші әдіс жасап, ұпай алса, жеңіс сол балуанға беріледі.

Қосымша уақытта Тасоев азулы қарсыласының жауырын жерге тигізді. Алайда төрешілер оның бұл әдісіне ұпай берген жоқ. Ал осыдан соң Ринер Иналға қарсы әдіс жасап, өз мансабындағы 12-алтынын жеңіп алған болатын.

Халықаралық дзюдо федерациясы көпшілік көкейінде күдік қалдырған бұл белдесуді қайта қарап, Инал Тасоевтың әдіс жасағанын мойындады. Осылайша, жанкүйерлер мен спортшыдан кешірім сұрап, Тасоевқа алтын медаль тақты. Осы орайда, Тедди Ринерге берілген алтынды кері қайтарған жоқ.

Дзюдо тарихында бұрын-соңды болмаған жағдай тіркеліп, әлем чемпионатындағы бір салмақта финалға шыққан екі спортшы да чемпион атанды.

Тедди Ринер 3 дүркін Олимпиада чемпионы. Ал Инол Тасоевтың Еуропа чемпионы деген атағы бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2024208-buryn-sondy-bolmagan-dzyudodan-alem-cempionatynda-bir-salmaqtagy-eki-baluan-da-altyn-aldy/