Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Финалда Иран балуанын ірі есеппен ұтқан Едіге Қасымбек Азия чемпионатында топ жарды

Жарияланған күні:

Едіге Қасымбек Қазақстанның көк байрағымен
Едіге Қасымбек. Фото: uww.org

Қырғызстан астанасы Бішкекте күрес түрлерінен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты өтіп жатыр. Аталған сында Едіге Қасымбек чемпион атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Еркін күрестен 17 жасқа дейінгі балуандар арасында Едіге Қасымбек барлық қарсыласынан басым түсті.

Алдымен ол Моңғолия спортшысын 15:4 есебімен жеңсе, кейін үндістандық балуан Синг Жаспоранды 2:1 есебімен ұтты.

Ал финалда ирандық Аболфазл Мұхаммад Нежадты 8:1 есебімен жеңіп кетті.

Айта кетелік, Едіге 110 келіге дейінгі салмақта сынға түскен.

92 келідегі Самир Дурсунов пен 71 келідегі Нұрдәулет Сейілбеков финалда жеңіліп, күмісті қанағат тұтты.

48 келідегі Ералы Жетпісов, 51 келідегі Олжас Жауынбаев, 55 келідегі Алан Оралбек және 65 келідегі Алмас Сабыр турнирдің қола жүлдегерлері атанған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2024703-finalda-iran-baluanyn-iri-eseppen-utqan-edige-qasymbek-aziya-cempionatynda-top-zardy/