jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақ күресінен Ырғызбай Досханаұлы атындағы әлемдік Гран-придің жеңімпаздары анықталды

    Қазақ күресінен әлемдік Гранөпридің екі дүркін жеңімпазы Әсет Ахметжанов
    Әсет Ахметжанов. Фото: Абай-ақпарат баспасөз-қызметі

    Абай облысының Ақсуат ауылында "Тұғыры биік Тарбағатай" өнер және спорт фестивалі аясында қазақ күресінен Ырғызбай Досханаұлы атындағы әлем кубогы өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Дүбірлі додаға 15 мемлекеттің балуандары қатысты. Жарыс халықаралық "Қазақ күресі" федерациясы бекіткен ереже бойынша өтті.

    Балуандар 70 келі, 90 келі және +90 келі салмақ дәрежесінде күш сынасты. Жарыс нәтижесі бойынша Қазақстан жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды.

    Барлық үш салмақ дәрежесінде қандастарымыз чемпион атанды.

    70 келіде Қуандық Шадияр ақтық айқаста Тәжікстан елінің өкілі Хусаинзада Мохаммедраджаны ұтты. Қола жүлдені грузиялық Ника Техикаидзе мен ирандық Чокри Турия жеңіп алды.

    90 келіге дейінгі салмақта Әсет Ахметжанов екі дүркін Гран-при жеңімпазы атанды. Финалда отандасымыз өзбекстандық Умар Бозаровтан басым түсті. Ирандық Саид Мохаммедриза мен тәжікстандық Суруш Каримов қола медаль еншіледі.

    Ең ауыр салмақ дәрежесінде (+100 келі) Нұрым Сәлімгереев топ жарды. Ол шешуші жекпе-жекте грузиялық Грегори Шакирашвилиден айласын асырды. Өзбекстандық Мухсин Хисамутдинов пен әзірбайжандық Мохамедзада Мохаммед қола жүлдеге қол жеткізді.

    Айта кетейік, қазақ күресінен Ырғызбай Досханаұлы атындағы әлем кубогы биыл оныншы рет өтті.

    Қазақ күресінен Ырғызбай Досханаұлы атындағы әлемдік Гран-придің жеңімпаздары анықталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.