
Бүгін Астанада қазақ күресінен "Қазақстан Барысы" турнирінің финалы өтті. Аталған сында жамбылдық Ғалымжан Қырықбай топ жарды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Ғалымжан финалда маңғыстаулық Нұрдәулет Жарылғаповты жеңіп, чемпионға берілетін 25 миллион теңге мен "Алтын тайтұяқты" иеленді.
Екінші орын алған балуанға 5 жарым миллион теңге берілді. Ал турнирдің қола медалін Павлодар облысының өкілі Мұхтар Дәлелханұлы еншіледі.
Айта кетелік, бұған дейін Ғалымжан Қырықбай турнирдің күміс және қола жүлдегері атанған.
Сондай-ақ Ғалымжан дзюдодан Универсиада чемпионы, Grand Slam турнирінің қола жүлдегері саналады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2027232-dzyudosy-galymzan-qyryqbai-qazaqstan-barysy-turnirinde-cempion-atandy/