Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық балуан қыздар Азия чемпионатынан алтынсыз оралды

Опубликовано:

Күресу сәті
Күрес. Көрнекі сурет: uww.org

Иордания астанасы Амман қаласында күрес түрлерінен 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия чемпионаты өтіп жатыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

12 шілдеден бастап күрес түрлерінен 15 және 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен жастар арасында Азия чемпионаты өтіп жатыр. Жарыстың жетінші күнінде әйелдер күресінен 20 жасқа дейінгі жастар 5 салмақ дәрежесінде сынға түсті.

Олардың арасынан Шәмшиябану Тастанбек (72 келі) мен Алтын Шағаева (52 келі) жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Жарыс барысында Шәмшиябану Тастанбек финалда үнді қызы Харшита Харшитаға есе жіберіп, күміс медаль алды. Ал Алтын Шағаева қолаға қол жеткізді. Құрлық додада әйелдер күресінен ел құрамасы 1 күміс, 4 қола жүлдемен қорытындылады.

Еске салсақ, бұдан бұрын ел құрамасынан Лаура Ғаниқызы (50 келі) Зейнеп Баянова (55 келі), Жібекжан Сабыржанова (68 келі) қола медаль алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2029380-qazaqstandyq-baluan-qyzdar-aziya-cempionatynan-altynsyz-oraldy/

pixel