Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сметов қайта оралды: Будапешттегі Masters турниріне Қазақстаннан кімдер қатысады

Опубликовано:

Дзюдоист Елдос Сметов
Елдос Сметов. Фото: Franck Fife/AFP via Getty Images

4-6 тамыз аралығында Венгрия астанасы Будапеште дзюдодан Masters санатындағы бәсеке өтеді. Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясы хабарлайды.

Бұл Олимпиада мен әлем чемпионатынан кейінгі сатыдағы турнир. Сондықтан әр салмақтағы үздік 36 татами шебері ғана қатыса алады.

Мұнда әр салмақта топ жарған спортшыға рейтингте 1800 ұпай беріледі. Яғни, Париж Олимпиадасының жолдамасы жартылай қалтада деген сөз.

Ұлттық құрама тізімі:

Ерлер:

Елдос Сметов (60 кг), Мағжан Шамшадин (60 кг), Нұрқанат Серікбаев (60 кг), Ғұсман Қырғызбаев (66 кг), Жансай Смағұлов (73 кг), Данияр Шамшаев (73 кг), Абылайхан Жұбаназар (81 кг), Дидар Хамза (90 кг), Нұрлыхан Шархан (100 кг), Ғалымжан Қырықбай (+100 кг).

Əйелдер:

Ғалия Тынбаева (48 кг), Аруна Жангельдина (78 кг), Камила Берліқаш (+78 кг), Ақерке Рамазанова (+78 кг).

Турнирде 56 елден келген 422 дзюдошы күш сынасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2030049-smetov-qaita-oraldy-budapesttegi-masters-turnirine-qazaqstannan-kimder-qatysady/

pixel