Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Күрестен Олимпиада жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаев Кеген ауданының әкімі атанды

Опубликовано:

Нұрбақыт Теңізбаев
Нұрбақыт Теңізбаев: prosports.kz

Алматы облысы әкімінің өкімімен Нұрбақыт Молдахметұлы Теңізбаев Кеген ауданының әкімі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Нұрбақыт Молдахметұлы 1983 жылы туған. Ұлты - қазақ, білімі жоғары.

"Дене шынықтыру және спорт", "Кеден ісі", "Дене шынықтыру мәдениетінің оқытушысы, күрес жаттықтырушысы", "Көлікті пайдалану және тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру" мамандықтары бойынша Жоғары оқу орындарында бакалавр дәрежесінде білім алып, 2014 жылы "Педагогика ғылымы" бойынша магистр дәрежесін алған.

Еңбек жолын 2001 жылы Қазақстан Республикасының грек-рим күрес федерациясының спорт-нұсқаушысы болып бастаған.

Әр жылдарда Астана қаласындағы Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясының грек-рим күресінен спорт-нұсқаушы, Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдарында, Алматы қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының № 12 олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінің әдіскері, директордың оқыту-спорт жұмыстары бойынша орынбасары, Алматы облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінің директоры. сонымен қатар Панфилов ауданының маслихат депутаты қызметтерін атқарған.

2018 жылдың қазан айынан Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы лауазымын атқарып келеді.

Нұрбақыт Молдахметұлы грек-рим күресінің палуаны, жастар арасында әлем чемпионы (Стамбул, 2003 жыл), 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері, 2009 жылғы Әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азияның екі дүркін чемпионы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2030349-olimpiada-zuldegeri-nurbaqyt-tenizbaev-kegen-audanynyn-akimi-atandy/

pixel