Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Загребтегі Гран-при: атыраулық дзюдошы әлемдік жарыстан алғашқы жүлдесін жеңіп алды

Опубликовано:

Айболат Ыстыбай
Айболат Ыстыбай. Фото: atpress.kz

Хорватия астанасы Загребте өтіп жатқан дзюдодан Гран-при турнирінде қазақстандық Айболат Ыстыбай қола жүлдегер атанды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

66 келі салмақта сынға түскен Айболат турнир барысында Украина, Латвия, Израиль балуандарын жеңді.

Ширек финалда ол испаниялық Давид Гарсия Торнға есе жіберіп, жұбаныш белдесуінде әзербайжандық Карамат Хусейновты ұтты.

Ал қола медаль үшін күресте кипрлық балуаннан ескерту саны бойынша басым түсті.

Атырау облысының тумасы Айболат Ыстыбай бұл дзюдодан әлемдік жарыста жеңіп алған тұңғыш медалі екенін еске саламыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2033114-zagrebtegi-gran-pri-atyraulyq-dzyudosy-alemdik-zarystan-algasqy-zuldesin-zenip-aldy/

pixel