Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақ баласы Нұрлан Исатаев дзюдодан әлем чемпионы атанды

Опубликовано:

Нұрлан Исатаев
Нұрлан Исатаев. фОТО: ijf.org

Қазақстандық Нұрлан Исатаев дзюдодан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Загребте өтіп жатқан әлем біріншілігінің финалында ол грузиялық Мераби Самадашвилиді ұтты. Финалдық белдесу қосымша уақытқа дейін созылды.

Голден скорда (қосымша уақыт) отандасымыз ұтымды әдіс пайдаланып, ұпай еншілеп, ел қоржынына алғашқы алтынды сыйлады.

55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен ол жарыста қарсылас шақ келтірген жоқ. Іріктеу кезеңінде Шахруз Шаназаровты (Түркменстан), Лиова Спариянды (Армения) Янг Жонатанды (АҚШ) айқын басымдықпен жеңді. Өз тобынан үздік шыққан ол жартылай финалда тағы бір отандасымыз Оралбек Байзақпен белдесті.

Ал қыздар арасында 40 келіге дейінгі салмақта Сабина Юлдашбекова күміспен күптелсе, Оралбек Байзақ қола жүлдені еншіледі.

Осылайша Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Загребте өтіп жатқан әлем чемпионатын 1 алтын, 1 күміс және 1 қола жүлдемен медаль кестесінде бірінші орынмен бастады.

Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты 27 тамызға дейін жалғасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2033712-nurlan-isataev-dzyudodan-alem-cempiony-atandy/

pixel