Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ол әлі мықты": бас бапкер 36 жастағы Алмат Кебіспаевты әлем чемпионатына не үшін апаратынын айтты

Опубликовано:

Алмат Кебіспаев кілемде
Алмат Кебіспаев. Фото: uww.org

Қыркүйек айында Белградта өтетін әлем чемпионатына Алмат Кебіспаев қатысады. Грек-рим күресінен команда бас бапкері Юрий Мельниченко 36 жастағы балуанға неліктен сенім білдіргенін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Қазіргі таңда ол тек спортшының міндетін атқарып жүр. 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасын былтыр жаттықтырды. Бірақ әлем чемпионатына барған жоқ. Жаттығу жиынында болды. Алмат тәуелсіз Қазақстанның ең мықты балуаны. Әлем чемпионатының бес дүркін жүлдегері.

Ең бастысы, ол өзінің мықтылығын әлі күнге дейін көрсетіп жүр. Қазақстан Спартакиадасында еш қиындықсыз жеңіске жетті.

Азия чемпионатында өзбек балуанымен өткен кездесу ғана қиын соқты. Мұны кейін Алматпен бірге талқыладым. Ол өзінің жасына қарамастан, әлем және Олимпиада чемпионы болу үшін еңбектенуде.

Грек-рим күресінен әлемдегі ең мықты құрамалардың бірі - Әзербайжан командасымен оқу-жаттығу жиынын өткіздік. Сол жиында ол соңына дейін сыр бермей, ең қиын сынақтардан сүрінбей өтті. Сондықтан мен оған тек сәттілік тілеймін", - деді Мельниченко.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2034648-ol-ali-myqty-bas-bapker-36-zastagy-almat-kebispaevty-alem-cempionatyna-ne-usin-aparatynyn-aitty/

pixel