Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Грек-рим күресінен даңқты бапкер Геннадий Сапунов өмірден өтті

Опубликовано:

Геннадий Сапунов
Геннадий Сапунов. Фото: instagram.com/kazwrestling_official

Күрестен КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Геннадий Сапунов 85 жасында өмірден озды. Бұл туралы федерацияның ресми парақшасы хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Қазақстанның грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы грек-рим күресінен екі дүркін әлем чемпионы, КСРО спорт шебері, КСРО -ның еңбек сіңірген жаттықрушысы Геннадий Сапуновтың қайтыс болғанын қайғыра хабарлайды.

Геннадий Андреевич спорт тарихында өшпес із қалдырды. Ол көптеген әлем чемпионын дайындады, олардың қатарында біздің даңқты балуандарымыз да бар.

Ол өзінің саналы ғұмырында елуден аса әлем чемпионы мен 20 Олимпиада чемпионын шығарды. Оның қазасы бүкіл күрес әлемі үшін орны толмас қайғы", - делінген федерация жазбасында.

Геннадий Сапунов 1938 жылы Бурятнияның Муй ауданында дүниеге келген. Өмірінің соңғы жылдарында даңқты бапкер Мәскеуде тұрды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2034698-grek-rim-kuresinen-danqty-bapker-gennadii-sapunov-omirden-otti/

pixel