jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Танымал балуан Бейбіт Ыстыбаев жаңа қызметке тағайындалды

    Бейбіт Ыстыбаев
    Бейбіт Ыстыбаев. Фото: instagram.com/istybayev_beibit

    Белгілі балуан Бейбіт Ыстыбаев жаңа қызметке тағайындалды. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы Instagram желісіндегі парақшасында хабарлды.

    "Жамбыл облысы әкімдігінің 2023 жылдың 22 тамызындағы №156 қаулысымен "Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының "Спортты олимпиадалық емес түрлері бойынша дамыту дирекциясы" КММ құрылды.

    Мекеме басшысы болып 2023 жылдың 31 тамызында Бейбіт Ыстыбаев тағайындалды", - делінген хабарламада.

    Бейбіт Ыстыбаев Жамбыл облысы Талас ауданының Бөлтірік шешен ауылында 1985 жылы дүниеге келген.

    "Қазақстан барысы" турнирінің үш дүркін жеңімпазы. "Еуразия барысында" алтын белдік иеленген. Жамбыл облысы мәслихатының VII шақырылым депутаты, сондай-ақ "Жекпе-жек" клубының директоры болған.

    Танымал балуан Бейбіт Ыстыбаев жаңа қызметке тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.