jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    "Біз-қазақпыз": дзюдодан әлем чемпионы атанған спортшы Ресейден не үшін кетіп қалғанын айтты

    Нұрлан Исатаев
    Нұрлан Исатаев. Фото: ijf.org

    Дзюдодан кадеттер арасындағы әлем чемпионы Нұрлан Исатаев Ресейде туып өскен. Алайда ол өзінің туған жеріне оралуды жөн санаған, деп хабарлайды "Дядя Ваня" Telegram арнасы.

    Спортшы Қазақстан азаматтығын биыл алған.

    "Әкем екеуміз Қазақстан азаматтығын 2023 жылы алдық. Бұл ретте бапкерім Алтынбек Сұпағалиевтің көмегі зор болды. Сондай-ақ ол Загребтегі әлем чемпионатында көмектесті. Біз - қазақпыз. Тарихи отанымызда өмір сүріп, туған тілімізде сөйлегіміз келеді.

    Оралға келгенде маған бәрі өатты ұнады. Мені жылы қабылдады. Әлем чемпионатында жеңіске жеткен соң жергілікті билік пәтер сыйлады. Қазір жақындарым Орынборда тұрады, бірақ қонаққа келіп тұрады", - дейді Исатаев.

    Айта кетелік, Нұрлан Исатаев дзюдодан Загребте өткен әлем біріншілігінде чемпион атанды. Осылайша, Қазақстанға әлемдік сынның алтын жүлдесін сыйлады.

    "Біз-қазақпыз": дзюдодан әлем чемпионы атанған спортшы Ресейден не үшін кетіп қалғанын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.