Ел тарихында еркін күрестен тұңғыш әлем чемпионы атанған Ризабек Айтмұхан Сербиядағы әлем біріншілігінде иеленген алтын медалі үшін мемлекеттен 15 мың доллар алады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Қазақстан Республикасы үкіметінің халықаралық спорт жарыстары үшін спортшыларға берілетін сыйақылар жайлы жарлығына сәйкес, еркін күрес балуаны алтын медалі үшін 15 мың доллар (7 миллион теңге) алады. Тағы да 15 мың доллар (4,7 миллион теңге) бапкерлер құрамына берілмек.
Айта кетейік, Сербия астанасы Белград қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында Ризабек Айтмұхан финалда әзербайжандық балуан Осман Нурмагомедовті 4:2 есебімен жеңіп, 92 келіге дейінгі салмақта әлем чемпионы атанды.
Осылайша, ол еркін күрестен қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы атанып отыр.
Ризабек Айтмұханды алғашқылардың бірі болып, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2037240-rizabek-aitmuxan-alem-cempionatyndagy-zenisi-usin-qandai-syiaqy-alatyny-belgili-boldy/